Friday, 22 November,2024

Ресейдің әскери комиссариатын өртеп жіберген Қазақстан азаматы 13 жылға сотталды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Ресейдің Омбы қаласындағы әскери комиссариатын өртеп жіберген қазақстандыққа сот жаза кесті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қазақстандықтың сотталғанын ngs55.ru сайты жазды. Дерекке сүйенсек, қазақстандық Telegram-арналардың бірі арқылы анонимді хабарлама алған. Белгісіз қолданушы оған 6 миллион теңгеге Омбыдағы әскери комиссариат ғимаратын өртеп жіберуді ұсынған. Ер адам өзінің танысымен бірге Қазақстаннан Омбыға келіп, Молотов коктейльдерін жасап, әскери комиссариат ғимаратына шабуыл жасап, бірден Ресейден кетіп қалған. Бір қызығы олар уәде етілген сыйды ала алмаған.

Кейін қазақстандық тағы Ресей шекарасын өтпек болғанда оны федералды қауіпсіздік қызметі ұстайды. Осылайша оған Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 205-бабы 2-бөлігі бойынша айып тағылды.

Көп ұзамай сот Қазақстан азаматына жаза кесті. Әскери сот қазақстандықты 13 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.

Екінші сыбайласы әлі де іздеуде.

Ұсынылатын