- Басты жаңалықтар
- Әлем
- Ресейдің Белгород облысына барлаушы топ басып кірді: Өңір билігі Украина шабуылдап жатыр деп дабыл қағуда
Ресейдің Белгород облысына барлаушы топ басып кірді: Өңір билігі Украина шабуылдап жатыр деп дабыл қағуда
Алмас Абылай
Фото ВВС
Ресейдің Белгород облысында билік терроризмге қарсы операция режимін енгізді. Қазіргі таңда қаланы жау әскерінен тазарту жұмыстары жүруде. Бұған дейін бірнеше әскери жасақ қалаға басып кірген еді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
ВВС агенттігі ақпаратына сүйенсек, аталмыш облыстың тура Украина мемлекетімен шекаралас тұсындағы Грайворонск қалалық округіне әскери жасақ шабуылдады. Тіпті танк, тік ұшақпен басып кірген. Артынша өңірде қиян кескі ұрыс жүрді. Белгород облысының мэрі Украинаның барлаушы тобы басып кірді деп дабыл қақты.
Осылайша өңірде арнайы соғыс режимі енгізілген.
Көп ұзамай Украина тарапы бұл шабуылды ұйымдастырмағанын, тіпті мүлде қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Ал кінәні Ресейде лаңкестік ұйым деп танылған "Ресейге еркіндік" әскери ұйымы өз мойнына алды. Сондай-ақ бұл жағдайға тағы бір террористік ұйым қатысы барын мәлімдеді.
Соңғы дерекке сүйенсек өңірде әскери қақтығыстан 8 тұрғын зардап шеккен.