- Басты жаңалықтар
- Әлем
- Ресейдің Грузияға басып кіргеніне тура 15 жыл: 5 күндік соғыс әлі күнге грузин халқына сор болып келеді
Ресейдің Грузияға басып кіргеніне тура 15 жыл: 5 күндік соғыс әлі күнге грузин халқына сор болып келеді
Осыдан тура 15 жыл бұрын Ресей мен Грузия шекарасында соғыс өрті тұтанды. 5 күнге созылған қақтығыс көптеген сарбаз бен бейбіт тұрғындардың өмірін қиған еді. Содан бері қанша уақыт өтсе де бұл оқиғаны грузиндер ұмытқан емес, деп хабарлайды Uaqyt.info.
ВВС дерегіне сүйенсек, Ресейдің осыдан 15 жыл бұрын басып алған жерінде әлі де тыныштық орнамаған. Сол маңдағы халық үрей мен қорқынышпен өмір сүреді. Тіпті әскерилердің жосықсыз темір қоршауларды да жүргізіп қойғанын ашық айтуда.
Айта кетейік, 2008 жылдың 8-маусымында Ресейдің 70 мыңға жуық әскері Грузия жеріне басып кірді. Соғыс небәрі 5 күнге ғана созылды.
Осы уақыт аралығында ресейліктер 64 сарбазынан айырылса, Грузия мемлекеті 170 сарбазын жоғалтты, тағы 224 бейбіт тұрғын көз жұмды.
200 мыңға жуық грузин халқы өз баспанасын тастап кетуге мәжбүр болған. Сонымен қатар Ресей әскері осы уақыт ішінде елдің 20 пайыз жерін өз қарамағына алды.
Шекара маңындағы Эргнети ауылының тұрғыны Лия сол күнді әлі ұмытқан емес. Бас сауғалап қашқанда елді-мекенде кәрі-құртаңдар қалып кеткен екен. Басқыншылар 160 үйді өртеп жіберген. Дәл сол ауылда 90-ға келіп, төсек тартқан қарияны үйімен қоса жаққан. 12 адам көз жұмыпты.
Міне, осы қайғылы жағдайдан бері 15 жыл уақыт өтті. Грузия халқы әлі күнге әділеттіліктің болғанын қалайды. Әрі оны ашық айтып та жүр.