Saturday, 23 November,2024

Ресейлік офицер соғыс даласынан қашып Литвадан саяси баспана сұрады

Алмас Абылай
Фото ВВС

Украина мен Ресей соғысы тылдағы әскерилерге де әсер ете бастағандай. Тағы бір ресейлік офицер майдан даласынан Литваға қашты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

ВВС дерегіне сүйенсек, Литваға қашқан сарбаз саяси баспана сұраған. Оның аты-жөні Иван Королев. Артиллерия әскерінің лейтенанты. Ол өз сөзінде «Ресей ашқан соғысқа, қантөгіске» қатысқысы келмегенін айтқан.

Сонымен қатар ол Украина жеріне аяқ баспағанын, тек тылда Ресей әскерін оқ-дәрімен қамтамасыз ету ісіне атсалысқанына тоқталады. Королев Литва шекарасын заңсыз кесіп өтіп, 10 тамызда Вильнюс вокзалында ұсталған. 11 тамызда көші-қон орталығына жіберілген. Саяси баспана туралы өтініші қаралғанша ол сол орталықта болады.

Ұсынылатын