Wednesday, 15 May,2024

Ресейлік шоумен Максим Галкиннің Қазақстандағы концерті өтетін болды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Белгілі әзілкеш Максим Галкин Астана мен Алматыда концерт беретін болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Eurostar entertainment халықаралық концерт егенттігінің директоры Алексей Пучков мәлімдеді. Оның айтуынша, Галкиннің концерті 8 қазан Астанада, ал 9 қазан Алматыда өтеді.

Естеріңізде болса, бұған дейін Максим Галкин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ел билігі белгісіз себептерге байланысты оның концертін өткізуден бас тартқанын айтқан болатын.

Ұсынылатын