Республика күні Алматыдағы мектептердің бірінде ерекше аталып өтті
Алматы қаласының Алатау ауданындағы №114 жалпы білім беретін мектепте 25 қазан Республика күніне орай «Қазақ тілін отбасыммен үйренемін» атты клубтың ашылу салтанатты өтті, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл іс-шараға Алаш сыйлығының иегері, кандидат, ақын, жазушы Бақытбек Бәмішұлы арнайы қатысып, өз пікірімен бөлісті. Балалар Мектеп жағынан ашылған «Қазақ тілін отбасыммен үйренемін» клубының қатысушылары келіп, марапатқа ие болды.
Тілді үйренемін деген оқушылармен, оның ата-аналары уақыттарын тиімді және мазмұнды әрі қызықты өткізу мақсатында мемлекеттік тілімізді дәріптеп, қолданысын кеңейту мақсатында ойындарға, мини сабақтарға қатысып, оқушылардың дайындаған концерттік бағдарламаларын тамашалады.
Мерекелік іс шараны алғы сөзбен мектеп директоры Килыбаева Айгүл Джапсарбайқызы ашты. Клуб мүшесі Момот Сергей Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін айтып, тілге құрметін жеткізді. Бұл іс-шарада поэзия да қалыс қалған жоқ. 7 «А» сынып оқушылары қонағымыз Бақытбек Бәмішұлының «Ту», Толымбек Нұртілеу Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін», 3 «В» сынып оқушылары Дарья, Тимофей, Александр «Туған өлке», 8 «Г» сынып оқушысы Момот Сергей Мұқағали Мақатаевтың «Отан», 7 «ә» сынып оқушысы Өсер Томирис өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды.
Сондай-ақ арнайы дайындалған «Қазақ отбасы» көрінісі қойылды. Оған актер ретінде Исмира, Алан, Лиза, Дарья, Тимофейлер қатысты. Мектебіміздің мақтанышы, жүлделі орындардың иегері Бақытова Айым «Қазағымсың» әнін орындаса, 2 «В» сынып оқушысы Самира тал шыбықтай иіліп, қазақ биін биледі.
Осы сынып оқушысы Жансултанова Адина «Дети Казахстана» әнін паш етті. «Күйді сүйсең, менше сүй» демекші, домбыраның құлағында ойнайтын әпке інілі Жанель Араман, Сания өнер көрсетті. Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері, магистрлер Искандирова Ақжарқын, Узбек Гулжайна мастер класс көрсетті.
Айта кетейік, елдің ертеңі, бүгінгі ұрпақ. Ұрпақ бойына, еліне, тіліне құрмет көрсету үшін, дәл осындай іс-шаралар бұл мектепте алдағы уақытта тағы да ұйымдастыралады.