Saturday, 23 November,2024

Риддерде екі жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Uaqyt.info
Фото

Шығыс Қазақстан облысының Ридlер қаласында екі жасар бала үшінші қабаттан құлап кетті. Құдай сақтағанда, ол аман, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қалалық ТЖБ мәліметінше, баланың жағдайы орташа ауыр. Түрлі дене жарақатын алған ол ауруханада ем қабылдап жатыр. Мамандардың айтуынша, ол ересектердің қарауынсыз қалған. Құтқарушылар ата-аналарға терезеге темір тор орнатуға кеңес беріп жатыр. Өйткені москит сеткасы масадан қорған болғанымен, баланың салмағына лайықталмаған.

“Балалар москит торына сүйеніп, терезеден құлап кетуі мүмкін. Шыбын-шіркейді үйге кіргізбейтін москит тор ешқашан балаларға қорған бола алмайды. Керісінше ондай тор қайғылы жағдайға себепкер болады. Өйткені бала өзін қауіпсіз сезінеді де оған сүйенеді”, - делінген хабарламада.

Ұсынылатын