Friday, 22 November,2024

Риддерде өзен тасып, үйлерді су басты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Риддердегі Хариузовка өзені арнасынан тасып, үйлерді су басты. Қазір оқиға орнында эвакуцациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. ШҚО әкімдігінің хабарлауынша, үйі су астында қалған тұрғындар эвакуациядан бас тартқан, деп хабарлайды Uaqyt.info.

«Риддер қаласы ТЖБ қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар халықты хабардар етіп, ықтимал эвакуация жағдайында жеке құрам мен құралдарды дайындыққа келтірді. Халықты уақытша орналастыру үшін қала әкімдігі «Риддер колледжі» КММ ғимаратында орналастыру пунктін алдын ала дайындады. Халық эвакуациядан бас тартты», - деді әкімдіктегілер.

Қазір табиғи апаттан зардап шеккен жерде 20 адам, 7 техника және 2 мотопомпа жұмыс істеп жатыр. Келтірілген шығын есептеу үшін арнайы комиссия құрылған.

«Келтірілген залалды бағалау үшін мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасынан комиссия құрылды. ТЖ салдарын жоюға барлығы 20 адам, 7 техника және 2 мотопомпа жұмылдырылды. «ЛК ГЭС» ЖШС қызметкерлері су ағызуды азайтты. Мониторинг жүргізілуде. Таңғы сағат 7.30-дағы жағдай бойынша аула аумақтарынан су кетті, тек жертөлелерде қалды. Оқиға орнына ШҚО әкімі Ермек Көшербаев және облыстық ТЖД басшылығы барды», - делінген ақпаратта.

Ұсынылатын