Friday, 22 November,2024

Риддердің жылу жүйесін жөндеуге 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

ҚР Үкіметі өңірлердегі жылумен жабдықтау жүйелерін алдағы жылыту маусымына дайындау және жөндеу жұмыстарын жалғастыруда. Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласының тіршілікке қажетті жүйелерін жөндеуге 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді. ҚР Үкіметі тиісті қаулы қабылдады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы primeminister.kz ресми сайтында жарияланды.

Атап айтқанда, құжатқа сәйкес, 2023 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген ҚР Үкіметінің резервінен кезек күттірмейтін шығындарға Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласына жалпы сомасы 8 млрд 400 млн теңгеге жуық қаражат бөлінді.

Қаражаттың басым бөлігі қазандықтар мен жылу желілерін күрделі жөндеуге бағытталады. Сонымен қатар қаражат отын беру галереясы мен аспирация жүйесін күрделі жөндеуге жұмсалады.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 23 наурызында Риддер ЖЭО-дағы №6 қазандық жанындағы отын беру галереясында көмір тозаңы жарылысы пайда болған еді. Жарылыс толқыны шамамен 80 шаршы метрді құрайтын қоршау құрылымдарын қиратып, облыс көлемінде төтенше жағдай режимі жарияланған болатын.

Ұсынылатын