Рим Папасы бір жынысты некені қолдау керек деп дабыл қақты
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Рим Папасы Франциск бір жынысты некеге байланысты ойын айтты. Сөзінше мұндай қадамды қолдау керек, себебі олар да жаратушының балалары, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы CNN жазды. Ондағы дерекке сүйенсек, Рим Папасы кейбір бір жынысты некеге католик қызметкерлері рұқсатын беруі керек. Әрі некесін қиюы шарт.
"Біржыныстылардың да отбасы құруға құқығы бар. Олар Құдайдың балалары. Бізге олардың құқығын қорғау үшін азаматтық одақтар туралы заңдар қажет", - дейді Рим Папасы.
Рим Папасының бұл халықты елең еткізген алғашқы мәлімдемесі емес. Бұған дейін Франциск тамақтану мен жыныстық қатынас кезіндегі ләззат, рахат Жаратушыдан келеді деп жар салған.