Sunday, 24 November,2024

Ринаттың сөзі әсер етті ме? Министр әйелдердің тұмшаланып киінуіне тиым салмақ

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Елімізде діни киімге қатысты шектеу енгізілуі мүмкін. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Оның сөзіне сүйенсек, хиджаб пен никабқа қатысты заң нормаларын қатаңдату талаптары күшейтілмек.

"Әрине, біз тиісті нормаларды зерделеп, ұсынатын боламыз. Әсіресе, қоғамдық орындарға қатысты талаптар бар. Ондай тәжірибе әлем бойынша кеңінен тараған. Себебі ұлттық қауіпсіздік мәселесі тұрғысынан қоғамдық орындарда бетті жауып жүрсе, адамды тану өте қиын. Бұның бәрі қоғаммен бірге талқыланады. Біз құзіретті орган ретінде осы саладағы заңнаманы қатаңдату бойынша жұмыс істейтін боламыз. Осы орайда депутаттар да бастама көтерді. Соны ескере отырып, депутаттармен бірге бұл мәселені жақын арада қарайтын боламыз деп ойлаймын ", - деді Балаева.

Министр сонымен қатар соңғы уақытта дін мәселелері өзекті бола бастағанын да жасырмады. Айтуынша мәселе халықтың діндарлығында емес, діни сауатсыздығында екен.

"Дәстүрлі емес діни ағымдардың дәстүрлі дінмен қатар қаншалықты белсенді жұмыс істеп жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан министрлік үш бағытта жұмыс істеп жатыр. Деструктивті материалдарды анықтау мақсатында әлеуметтік желілерге тәулік бойы мониторинг жүргізілді. 1 қаңтардан қыркүйектің соңына дейін терроризм мен діни экстремизмді насихаттау қағидаттарын қамтитын 14 860 материал анықталды", - деді министр.

Ұсынылатын