Sunday, 8 December,2024

Rixos Tersane Istanbul: Түркияда таңғажайып қонақүй ашылды

Uaqyt.info
Фото

Түркияның Стамбұл қаласында Rixos Tersane Istanbul атты ерекше қонақүй ашылды. Әлемге танымал “Алтын мүйіз” бұғазында орналасқан отельдің ашылу салтанаты бірінші қыркүйекте өткен, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Стамбұлда Rixos Tersane Istanbul атты ғажап қонақүй ашылды. Тарихи аймақта орналасқан отельдің таныстырылымы Алматыда 6-шы қарашада өтті. Мерекелік іс-шараға туризм саласында қызмет көрсететін ірі агенттіктер, танымал тұлғалар және Rixos қонақүйлер желісінің өкілдері келді.

Rixos Tersane Istanbul әлемге танымал “Алтын мүйіз” аймағында орналасқан. "Tersane" сөзін түрік тілінен аударғанда кеме жасау зауыты деген мағынаны білдіреді. Тарихқа көз жүгіртсек, ол жерде Осман империясы тұсында кемелер жасалынған екен.

Отельдің ерекшелігі де осында. Өйткені қонақтар тарихи нысандарды аралап, құнды жәдігерлерді өз көзімен көріп, сол бір заманға сапар шеге алады. Rixos Tersane Istanbul отелінде 432 нөмір бар. Оның 67-сі люкс.

Айта кетейік, отельден Стамбұлдың орталығына небәрі 10-15 минутта жетуге болады.

Жоба құрылысына әлемнің түкпір-түкпірінен білікті архитекторлар атсалысқан. Бір сөзбен айтқанда, Rixos Tersane Istanbul-ды аралап жүрген кез келген адам өзін музейде жүргендей сезінеді.

Айта кетейік, отельде үш кітапхана бар. Онда әртүрлі тілдегі түрлі кітаптар мен XIX ғасырдың тарихи басылымдарын оқуға болады. Қонақүй қонақтары үшін кітапханалардың есігі әрдайым ашық.

Ал Josephine мейрамханасына бас сұқсаңыз, сізді 7 қайық қарсы алады. Олардың әрқайсысы Алтын мүйіздегі тарихи жарыс жеңімпаздарының көшірмесі. Өткенге көз жүгіртсек, жарысқа түскен қайықтардың бірі Josephine деп аталған.

Отельдің ең басты мейрамханарының бірі Velena деп аталады. Онда отель қонақтары үшін таңғы астың неше түрі ұсынылған. Егер де мейрамханаға түсуге ерінсеңіз, қызметшілер ас-ауқатыңызды бөлмеңізге дейін жеткізіп береді. Ал күндіз сіз Josephine және Velena мейрамханаларынан à la carte арқылы тапсырыс бере аласыз.

Шылым шегетіндер үшін де мұнда барлық жағдай жасалған. Gowden Club сізге сигардың түр-түрін ұсынады. Клубта бұдан бөлек, элиталы сусындар да самсап тұр. Достарыңызбен көңіл көтеру үшін бильярд та қойылған. Бір ерекшелігі, егер сіз сигарыңызды толық шегіп үлгермесеңіз, оны арнайы сейфке салып кете аласыз. Ол сізді қайта айналып келгенше күтетін болады.   

Сондай-ақ отельде төрт немесе одан да көп түнеген қонақтар үшін Алтын мүйіз бойымен Балат және Эминёнге бару қарастырылған. Ол жерлер бай тарихи мұраларымен және керемет көрікті жерлерімен ерекше.

Қонақүйде ашық аспан астында орналасқан бассейн де бар екенін айта кетейік. Жылытылған суда сіз өзіңізді жайлы сезініп, айналаңыздағы көрікті жерлерді тамашалай аласыз.

Exclusive Sports Club – бұл сіз үшін спорттың 70 түрін ұсынатын әрі 24/7 жұмыс істейтін спорт зал. Ондағы тренажерлер жасанды интеллектпен жабдықталған. Бұдан бөлек отель қонақтары үшін теннис корты мен баскетбол алаңы бар. Мұның барлығы Rixos Tersane Istanbul тұрғындары үшін тегін.

Толық релакс алу үшін отельде сауна, массаж және спа-процедуралар бар екенін айта кетейік. Отбасыңыз, достарыңыз және жақындарыңызбен Түркияға бара қалсаңыз, Стамбұлдағы Rixos Tersane Istanbul қонақүйіне тоқтауға кеңес береміз.

 

 

Ұсынылатын