Friday, 22 November,2024

Роза Рымбаева Қайрат Боранбаевтың сотталғанына қатысты пікір білдіруден бас тартты

Uaqyt.info
Фото Коллаж/uaqyt.info

Белгілі әнші Роза Рымбаева кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың сотталғанына қатысты пікір білдіруден бас тартты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Естеріңізге сала кетейік, аса ірі көлемде ақша жымқырды деп Қайрат Боранбаев күдікке ілінгенде шоу-бизнесте жүрген бір топ адам кәсіпкерге араша сұрап, Президентке ашық хат жолдаған болатын. Олар бизнесменнің өнер адамдарына көп көмегі тигенін айтып, оны босатуды талап еткен еді.

«Біздер осынау азаматпен туған бауыр-туыс болмасақ та, бізді жақындастырған қазақтың мәдениеті мен ән өнері еді. Боранбаев Қайрат - бүгінгі күнге дейін қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына, соның ішінде осы жолды арқалап жүрген өнер өкілдеріне әркез қамқоршы болып қана қоймай, керек кезінде қаржылай көмек берген қамқоршы-меценат еді. Осы азаматтың көмегімен қаншама жас талант өздерінің биігіне көтеріле білді. Қаншама өнер майталмандары жеке концерттерін, жеке альбомдары мен бейне клиптерін жарыққа шығарды. Жас буынның жоғары білім алуына, көптеген ата-ананың тұрмыс-тіршілігінің қалыпқа келуіне мұрындық болды, - деп жазылған еді хатта.

Бүгін сот Қайрат Боранбаевты 8 жылға соттады. Осыған байланысты uaqyt.info тілшісі әнші Роза Рымбаеваға хабарласқан болатын. Алайда әнші өзіне кезінде жанашыр болған азамат туралы пікір білдіруден бас тартты.

Мен ол туралы естіген жоқпын. Баламды қырқынан шығарып жатырмын. Оған тіпті уақытым да жоқ. Сіз қалай түсінбейсіз?!”, - деді Роза Рымбаева.

Ұсынылатын