- Басты жаңалықтар
- Шоу-бизнес
- Роза Рымбаеваның ұлы орденге лайық емес пе? Экс-депутат Әли Оқаповқа шүйлікті
Роза Рымбаеваның ұлы орденге лайық емес пе? Экс-депутат Әли Оқаповқа шүйлікті

Бұрынғы мәжіліс депутаты Тәңірберген Бердоңғаров «құрмет» орденін таққан әнші Әли Оқаповқа шүйлікті. Сөзінше ол мұндай орденге лайық емес, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы блогер әлеуметтік парақшасында жазды. Ол қатардағы поп-әншінің мұндай құрметке ие болуы көңілге толмайтынын жазған. Тіпті әділдік болмаған деген де күмән келтіріп отыр.
"Құрмет" орденін алған қатардағы орындаушы Әли Оқаповқа берілгеніне қарсымын және келіспейтінімді айтқым келеді. Рымбаева және оның отбасын төмендеткім келмейді, бірақ осы атақ тұрғысынан жауапсыз қалған сұрақ көп. Азаматтарға орден мен награда бермес бұрын, қоғам мен ел алдында атқарған ерен істері жіпке тізілуі керек. Бұл марапат елдің дамуына, ғылым мен білімге үлес қосқан жандарға берілсе құба-құп. Біз қоғамның сенімін ақтап, мемлекеттік наградалардың беделін сақтап қалу үшін ашық әрі объективті болуымыз керек. Сондай-ақ, азаматтарымыздың ел игілігіне жұмсаған күш-жігері әділ бағаланауы керек. Менің тілегім – мемлекеттік марапат әділ жолмен лайық адамға берілсін!", – дейді экс-депутат.
Сонымен қатар ол елде сан түрлі марапаттың көптігінен олардың мән-маңызы жоғалып бара жатқанын да еске салған.
Айта кетейік, бұған дейін Роза Рымбаеваның ұлы "Құрмет" орденін алғанын жазған едік.