Рубльдің құны қалмады: Ресейдегі өзбек мигранттары елдеріне қайтуда
Алмас Абылай
Фото Eadaily
Ресейдегі өзбекстандық мигранттар кері елдеріне қайтып жатыр. Бұған рубль құны мен соңғы өзгерістер әсер еткен, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Eadaily-дің жазуынша, ресейлік рестораторлар 20-30% деңгейінде кадр тапшылығын тудырған еңбек мигранттарының кетуіне алаңдаушылық білдіруде. Ресейдегі рубльдің құлдырауы, экономиканың тұрақсыздығы көптеген шетелдік жұмыс күшінің өз отандарына қайтуына себепші болуда.
Сондай-ақ, өзбек еңбек мигранттарының Ресейден кетуіне Өзбекстанның Орталық Банкінің нұсқауы негізінде қабылданған Payway және Oson ақша аударымдарының Өзбекстандағы қолданыстағы жүйелерінің халықаралық транзакцияларды уақытша тоқтата тұру туралы шешімі де әсер еткен болуы мүмкін. Өйткені еңбек мигранттары Ресейден Өзбекстанға тапқан қаражатын осы банктер арқылы жіберіп отырған.