Sunday, 8 December,2024

Рұқсат берілді: Илон Маск енді адам миына чип салады

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Илон Маск адам миына чип салу сынағына толықтай рұқсат алды. Оған тиесілі Neuralink компаниясы енді клиникалық жұмыстарды адам арқылы жүргізбек, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Америкалық миллиардер Илон Маск компания жұмысын 2016 жылы бастады. Содан бері үлкен нәтиже көрсеткен ұжым 2022 жылы адам миына чип енгізу мәселесін көтерген. Осылайша биыл сол сынақтарға АҚШ-тың Азық-түлік пен дәрі-дәрмек басқармасының рұқсатын алғанын хабарлаған.

Әзірге бұл клиникалық сынақты жүргізу үшін адамдарды қабылдау ашылған жоқ. Десе де қосымша ақпарат жақын күндері жарияланбақ.

Ұсынылатын