- Басты жаңалықтар
- Шоу-бизнес
- “Сабақ тыңдамайтын”. Ақбота Керімбекованың ұстазы әншінің қалай оқығанын айтты
“Сабақ тыңдамайтын”. Ақбота Керімбекованың ұстазы әншінің қалай оқығанын айтты
Белгілі ұстаз, қарымды қаламгер Орынша Қарабалина Ақбота Керімбековаға сабақ берген. Ол әншінің мектепте нашар оқығанын айтады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Орынша Қарабалина әнші туралы белгілі кәсіпкер Дулат Тастекейдің Youtube арнасына берген сұхбатында айтты. Әңгіме барысында ол басынан өткен түрлі хикаяларды баяндап, өзі сабақ берген шәкірттеріне де тоқталды. Олардың арасында танымал тұлғалар көп екен. Соның бірі – Ақбота Керімбекова. Ұстаз шәкіртінің оқушы кезінде музыкаға жақын болғанын айтады.
“Ақбота Керімбекова 80 жас мерейтойымда “Маған үш қойып едіңіз, сонда да өлең айтып берейін” деді. Өзінің кінәсін білмей тұр. Сол кезде мен үш қоймасам, ол әнші болмайтын еді. Әншілік деген еңбекпен келеді. Ол сабақта ыңылдап отыратын. Сабақ тыңдамайтын. Содан шешесі келді “Үндістанға кететін еді, төрт қойыңызшы” деп. Содан мен Сұлтан деген ұстазға “мен шығып кетейін, сен сұрап, төрт қойып берші” дедім. Бірақ ол “Ақбота түк айтқан жоқ” деп үш деген бағаны қойып берді. Қанша тырыссам да өзгертпей қойды. Қазір Құдайға шүкір, сол өнерінің арқасында жағдайын жасап алды ғой”, - деді Орынша Қарабалина.