Saturday, 23 November,2024

Сәбиін кәсіп көзіне айналдырған: Жетісу облысында жас әйел 2 баласын қомақты ақшаға сатып жіберген

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Жетісу облысында жас әйел 2 баласын ақшаға сатқан. Яғни босана сала өзге отбасыға миллион теңгеге саудалап отырыпты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Облыстық полиция департаменті дерегіне сүйенек, баласы сатып жүрген әйел 2000-шы жылғы. Ол қыркүйек айының басында босанған ұлын 1 миллион теңгеге сатып жіберген. Нәрестені алған отбасы балаға мұқтаж жандар болған екен.

Дәл осындай әрекетке әлгі келіншек бір жыл бұрын да барыпты. Яғни өткен жылдың қазан айында тағы да босанған ұлын 1 миллион теңгеге саудалаған.

"Былтыр қазан айында да бұл әйел ұл баласын бір млн теңгеге беріп жіберген. Қылмыстық іске қатысы бар тағы 3-4 күдіктіден жауап алынып жатыр. Олар ортада делдалдық қызмет атқарған", - делінген ақпаратта.

Қазіргі күні балалар асырап алған отбасында өмір сүріп жатыр. Олардың қайда, қалай өмір сүретінін қорғаншылық органдары шешеді.

Ұсынылатын