Sunday, 24 November,2024

Сәбилер мен тұрғындар өлімі жанға қатты батуда: Діни басқарма Палестинадағы жағдайға мәлімдеме жасады

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Палестина мен Израиль арасындағы қантөгіске байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Мuftyat.kz дерегіне сүйенсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ислам дініндегі қасиетті үшінші мекен саналатын Құдыс жерінде болып жатқан қантөгіске қатты алаңдаушылық білдіреді және қаншама жылдан бері шешімін таппай келе жатқан мәселенің бейбіт жолмен, өзара ымыра аясында шешілуін тілейтіні жазылған.

"Адамзат баласын бірлік пен игілікке шақырған пайғамбарлар ізі қалған қасиетті мекеннің бүгінде соғыс алаңына айналып, мыңдаған бейкүнә жандардың, әсіресе сәбилер мен бейбіт тұрғындардың оққа ұшып, қаза табуы баршамыздың жанымызға қатты батуда. Ауыр жарақат алып, үрей құшағында өмір сүріп отырған жандардың тез сауығып кетуін тілейміз. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тараптарды бейбіт келісімге келуге және қантөгісті шұғыл тоқтатып, халыққа зарар келтірмеуге үндейді", - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, Палестина халқының халықаралық келісімдер мен резолюцияларда бекітілген тарихи құқығын қолдайтындығын мәлімдейміз.

Еліміздегі барша мұсылман қауымын қасиетті мекеннің тыныштығы мен амандығы үшін дұға жасауға шақырамыз. Алла Тағала жер бетін түрлі бүліктер мен соғыстан аман еткей деп қорытындыланған діни басқарма мәлімдемесі.

Ұсынылатын