Thursday, 19 September,2024

Сабыржан Зайнидинов грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті болып тағайындалды

Алмас Абылай
Фото

Белгілі кәсіпкер Сабыржан Зайнидинов грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті болып еліміздегі белгілі меценат, кәсіпкер Сабыржан Мырзахметұлы тағайындалды.

Сабыржан Зайнидинов құрылыс және сауда секторларында бірқатар ірі кәсіпорындар құрып, елдің экономикалық өсіміне өз үлесін қосқан кәсіпкерлердің бірі. Ол Алматы және шымкент қалаларында тұрғын үй және өнеркәсіп нысандарын салған.

Сонымен қатар, бүгінде жастардың кәсіп бастауға деген қабілетіне демеу болып, тәлімгерлікпен де айналысып жүр.

Әрі елдегі қайырымдылық істердің де басы-қасынан жиі табылады.

Ұсынылатын