Monday, 16 September,2024

Сәдуақас Байғабылов пара алды деген күдікке ілінді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Сараптама орталығының бұрынғы басшысы, көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

"2023 жылғы 14 шілдеде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК базасында оның филиалдарының басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Жетісу облыстық филиалының директоры А. Манкеев пен "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК төрағасының орынбасары С. Байғабыловқа қатысты ұсыныс қаралды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Сәдуақас Байғабылов 2023 жылдың 18 мамырында "Ұлттық сараптама орталығы" төрағасының орынбасары қызметінен босатылған болатын.

Ұсынылатын