- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- Сағат тілі 1 сағат артқа: Қазақстан 1 наурыздан бастап 5-ші уақыт белдеуіне көшеді
Сағат тілі 1 сағат артқа: Қазақстан 1 наурыздан бастап 5-ші уақыт белдеуіне көшеді
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы қаулысымен Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Uaqyt.info .
Құжат республика аумағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бастапқы уақыт және жиілік эталоны бойынша қайта шығарылатын, сақталатын және берілетін уақытты есептеу халықаралық уақыт белдеулері жүйесіне сәйкес жүзеге асырылатыны белгіленді.
"5-ші сағаттық белдеу Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына қолданылсын", - делінген қаулыда.
Астана, Алматы, Шымкент, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарының әкімдіктеріне 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні, (сағат 00:00) жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа қояды.