Saturday, 27 July,2024

Сағынып қалыпты: Тойда ән салған Төреғали Төреәліні жұрт құшақтап, бетінен сүйді

Uaqyt.info
Фото

Танымал әнші Төреғали Төреәліні жұрт сағынып қалыпты. Жақында ғана бостандыққа шыққан әншіні тойда жұрт құшақтап, бетінен сүйді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Есірткіге еліткен күйі көлік айдап, полицейлерге бағынбағаны үшін айыпты болып, абақтыға қамалған Төреғали Төреәлі тойға қайта шыға бастады.

Алматыдағы мейрамханалардың бірінде ол халықтың көңілін көтеріп, ән салды. Той қонақтары әншіні жан-жақтан қаумалап суретке түссе, енді бірі оны құшақтап бетінен сүйіп жатты.

Айта кетейік, “Ұлы дала баласы” 18 шілдеде бостандыққа шыққан болатын. Ол 14 маусымда Алматыда есірткіге масайған күйде полицейлерге бой бермей, оқиғаға орнынан қашпақ болған еді. Кейіннен ол ұсталып, сот оны 20 тәулікке қамауға алу және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру туралы шешім шығарды.

Uaqyt.info атышулы әнші туралы бұған дейін бірнеше материал жазды. 

Ұсынылатын