Sunday, 8 December,2024

Саясаткер Жанболат Мамай ауруханаға түсті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Тіркелмеген “Демпартия” жетекшісі, қазіргі таңда үйқамақта отырған Жанболат Мамай ауруханаға түсті. Саясаткерге нақты қандай диагноз қойылғаны әзірге белгісіз, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Жанболат Мамайдың әйелі Инга Иманбай әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Онда журналист күйеуінің денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түскенін жазды. Инганың айтуынша, кішкентай қызы да сырқаттанып қалған.

“16 мамыр күні кешке Жанболат Алматы қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Оның 11 мамырдан бастап қызуы көтеріліп, мазасы болмай жүрді. Оған дейін 5 мамырда медициналық тексеруден өткен еді. Талдау нәтижелері жақсы болған. Арадағы бес күннің ішінде оған не болғанын әзірге анық білмейміз. Өздеріңіз білесіздер, ол үйқамақта, медициналық тексеруден (cот рұқсат еткен) басқа ешқайда шықпайды.

Сонымен қатар, кеше қызымыз Ақмарал да Жанболатқа ұқсас белгілермен ауруханаға түсті. Дәрігерлерде оларда гепатит болуы мүмкін деген күдік болған, бірақ жеке емханада жасалған талдау теріс нәтиже көрсетті”, - деп жазды Инга Иманбай.

Ұсынылатын