Monday, 16 September,2024

Саясаттанушы: "Ескі де, Жаңа да Қазақстан жоқ. Автократия тұсауындағы ел бар"

Алмас Абылай
Фото

Белгілі саясаттанушы Шалқар Нұрсейіт қоғамда қалыптасып бара жатқан "Ескі және Жаңа Қазақстан" деген тіркестерді мүлде жою керек деп дабыл қақты. Себебі ескісі де, жаңасын да басқарып отырған бір билік, бір жүйе, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Саясаттанушы пікірі әлеуметтік желіде жарияланды. Онда Шалқар Нұрсейіт "Жаңа да, Ескі де Қазақстанның" жоқ екенін, керісінші баяғы кадрлерден жасақталған автократия тұсауындағы ел екенімізді ашық мәлімдеген.

Тіпті Жаңа Қазақстан деген ескі биліктегі кадрлерден құралатынына да тоқталады.

"Өзін жаңа қазақстандық деп сипаттайтындардың ең ықпалдылары – конституциялық бестік аталатындар. Яғни Жаңа Қазақстанның архитекторы саналатын Тоқаев, одан кейін Мәулен Әшімбаев, Ерлан Қошанов, Әлихан Смайылов және Ерлан Қарин. Аталғандардың бәрі де Назарбаев режимі тұсында карьера жасаған. Ескі Қазақстанның жарқын өкілдері. Барлық мәслихаттың 77 пайызы бұрынғы Нұр Отан, қазіргі Аманаттың бақылауында. Бір сөзбен айтқанда жаңа қазақстандықтар – авторитар жүйенің жаңа фронтменінің көңілінен шыққан жаңа ескі қазақстандықтар", - дейді саясаттанушы.

Осы орайда қоғамға сіңіп бара жатқан "Жаңа және Ескі Қазақстан" деген дискурсты мейлінше аз қолданып, тіпті алып тастау керегін алған тартқан. Оның орнына "Авторитар Қазақстан және демократиялы Қазақстан" деген ашық дискуссияны нормаға айналдырып, сол бағытта жұмыс істелуі керек дейді. Сол кезде мүмкін жүйе де, көзқараста өзгеріп қалуы мүмкін.

Ұсынылатын