Friday, 22 November,2024

Саяси белсенді Ермек Нарымбай бостандыққа шықты

Uaqyt.info
Фото

Былтыр Қазақстанға Украинадан өз еркімен оралып, әуежайда қамауға алынған Ермек Нарымбай бостандыққа шықты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы оның адвокаты Жанар Балғабаева өзінің Facebook-тегі парақашасында жазды.

Айта кетейік, Қонаев қалалық соты Ермек Нарымбайды бостандыққа шығару туралы шешімін 28 шілдеде шығарған. Бірақ, белгілі бір себептерге байланысты оны қамауда ұстауды тағы үш күнге созған болатын. Сол уақытта саяси белсенді аштық жариялаған еді. Бүгін таңертең ол бостандыққа шықты. Адвокатының айтуынша, Нарымбай қазір Алматыда.

«Маған сұхбаттасуға, әлеуметтік желілерге, тіпті «Қағанат» асханаларына, жол бойындағы кафелерге баруға шектеу қойылды. Сонымен қатар банк қызметтерін, банк картасын, аударымдарды, жалақыны, нотариустың қызметтерін алуға тыйым салынады», – деді Ермек Нарымбай.

Ұсынылатын