Saturday, 23 November,2024

Саяси қысым ба? Польша ресейлік нөмір таққан көліктерді енді кіргізбейді

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Польша билігі Ресейде тіркелген көліктерді мемлекет аумағына кіргізбеуге шешім қабылдады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұйрық 17 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

"Польшаға Ресейдің бірде-бір автокөлігі кірмейді. Коммерциялық көлік болса да, жеке мақсатта пайдаланылатын көлік болса да бәрібір", - деді Польшаның ішкі істер министрі Мариуш Каминьский.

Министрдің сөзінше, Ресей нөмірі тағылған автокөлікті қай елдің азаматы мініп жүрсе де талап өзгермейді. Бұған дейін Финляндия, Латвия, Эстония мен Литва Ресей көліктеріне тыйым салған. Вильнюс Ресейдің Калининград облысына қатынайтын көліктерге ғана рұқсат берген.

Ұсынылатын