Sunday, 8 September,2024

Саят Медеуов анасымен қоштаса алмағанын айтып, көңілді босатты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Белгілі әнші Саят Медеуов анасымен қоштасып үлгермегенін айтты. Оның айтуынша, короновирусқа шалдыққан анасына дәрігерлер жолатпаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы әнші Қызықты weekend бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

Коронавируске байланысты карантин жарияланған кез. Мен қалада едім. Ауылға шығар кезде үйдегілер анамды ауруханаға апаратынын, дәрігерлер айтқан дәрілерді алып ауылға бір-ақ келуім керектігін айтты. Ертеңіне ауруханаға апарсақ, ол кісіні алып қалды. Бір қарағанға, қатты жөтелі де жоқ сияқты еді. Кешқұрым анам қоңырау шалып: «сен уайымдап отырғаныңды білемін, менде бәрі жақсы, уайымдама», - деді. Бізді тыныштандыру үшін өтірік айтқан ғой. Аналардың бәрі солай айтады. Анамның «менде бәрі жақсы, уайымдама» деп соңғы рет айтқаны 30 маусым болды. Ағам қоңырау шалып: «келгенің дұрыс» деді. Өзі де ауруханада жатқан, дегенмен ол қашып кетті. Ауруханаға барсам, кіргізбейді. Анаммен қоштаса да алмадым”, - деді Саят Медеуов.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұсынылатын