- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әлия Молдағұлова: Абай облысындағы екі ауылдың көшелері орысша атаудан айырылады
Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әлия Молдағұлова: Абай облысындағы екі ауылдың көшелері орысша атаудан айырылады
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Абай облысы Бесқарағай ауданындағы Малая-Владимировка және Бозтал ауылдары көшелерінің орысша атаулары қазақшаланбақ, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды. Онда екі ауылдың кеңестік кезеңде берілген орысша атаулары қазақиланатыны көрсетілген.
Яғни Малая-Владимировка ауылындағы мына көшелер атауы өзгереді:
"Крупская" көшесі "Әлия Молдағұлова" көшесі;
"Киров" көшесі "Аманат" көшесі;
"Калинин" көшесі "Достық" көшесі;
"1Май" көшесі "Ақсу" көшесі деп аталады.
Ал Бозтал ауылы бойынша:
"Лени"» көшесі "Дінмұхамед Қонаев" көшесі;
Атауы жоқ 5 көшеге Атамұра, Ыбырай Алтынсарин, Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Роза Бағланова атаулары берілмек.