Saturday, 23 November,2024

Салтанат Бақаева тойға шыққаны үшін қанша ақша сұрайды?

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Әнші әрі актриса Салтанат Бақаева тойға шыққаны үшін 1 миллион теңге гонорар сұрайды. Ал киноға түскен әр күні үшін 150 мың теңге алады екен. Бұл туралы ол «Ұйқым келмейді» бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Негізі мен қатты биік баға қоймаймын. Менің дәрежемдегі актрисалардың ішінде менен де көп гонорар сұрайтындары бар. Біз бір гонорарды қойып, жеңілдік те жасаймыз. Бірақ кейде бағасын тағы да төмендетуді сұрап жатады. Маған ол тиімді болмай қалады. Жалпы кино түсіру көп уақытты алады. Актер мамандығының бір кемшілігі – ұзақ күту. Бірінші кастингке шақырғанын, одан кейін олардың жауабын күтесің. Түсетін болсаң, түсірілім барысын, киноның шыққанын да күтуге тура келеді. Жасырудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Тойға алатын гонорарым – бір миллион теңге. Ал кинода ақша күніне төленеді ғой. Күніне – 150 000 теңге. Барлық актерде орташа есеппен осындай баға, – деді Салтанат Бақаева.

Ұсынылатын