- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- “Салтымызды қорлады”. Қытай азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы баласының тұсауын кесті (ВИДЕО)
“Салтымызды қорлады”. Қытай азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы баласының тұсауын кесті (ВИДЕО)
Фото Коллаж/uaqyt.info
Қытайлық жігітке тұрмысқа шыққан Қаракөз Әмірхан есімді желі қолданушысы көптің сынына ұшырады. Дубайдағы тұсау кесу рәсімі қазақтың жөн-жоралғысы бойынша өткізілген, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Қытай баламның Дубайда жолы ашық болсын деп қазақ дәстүріне сай тұсау кесу рәсімін жасадық. Жолдасым басқа ұлт болса да мұсылмандықты қабылдаған және біз 2 ұлттың да салт-дәстүріне құрметпен қараймыз. Сол себепті баламызға қытай елінің ұлттық киімін кигіздік”, - деп жазды Қаракөз Әмірхан.
Алайда өзге ұлттың өкіліне тұрмысқа шыққан қазақ қызына желі қолданушылары сын айтып, түрлі пікір жазып жатыр.
“Қазақтың салт-дәстүрі саған қарап қалған жоқ. Тұсауын кеспей-ақ қоймадың ба. Қазақ ұлтына құрметі бар қыз басқа ұлтқа тұрмысқа шықпайды”, “Алла сақтасын! Енді қытайды жарнамалау қалды намыссыздар”, “Осы қара қытаймен ата-бабаң сан ғасыр соғысып, сенің осы күнге аман-есен жетуің үшін атаң қанын, апаң жасын төккен. Қытайға тұрмысқа шығуың ата-бабаң алдында мәігі Қарабетсің!! Ақша үшін бет, шүзін сатқан салдақы!”, “Қазақпын демеші, нең бар тұсау кесер салтымызда?”, - деп жазды желі қолданушылары.



