Friday, 18 October,2024

Шамалғанда Болат Назарбаевты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

71-ге қараған шағында қайтыс болған Болат Назарбаевты қалың жұрты ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

El.kz ақпарат агенттігінің жазуынша, жерлеу рәсіміне марқұмның үлкен ағасы Нұрсұлтан Назарбаев, әпкесі Анипа Назарбаева, Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Баталов, Антикордың бұрынғы төрағасы Алик Шпекбаев және басқалар қатысты.

Қоштасу рәсіміне премьер-министр Әлихан Смайылов та қатысты, осыған байланысты Үкіметтің дәстүрлі отырысы ертеңге ауыстырылды.

Рәсімде Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлеп, інісі Болат Назарбаевтың жасаған жақсылықтары туралы сөз қозғады. Сондай-ақ Үкімет басшысы Әлихан Смайылов сөз сөйлеген.

Жаназаға 300-дей адам жиналған. Рәсімге келгендерді полиция қызметкерлері қатаң тексеріктен өткізіп жіберіп жатқаны белгілі болды.

 

Ұсынылатын