Monday, 9 December,2024

Самат Әбіш Қазақстанда. Оның елден кетпеу туралы қолхаты бар – Бас прокуратура

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты Бас прокуратура жауап берді. Ондағылардың айтуынша, оның үстінен «қаңтар оқиғалары» кезінде билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай мәлімдеді.

«ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды. Самат Әбіш Қазақстанда. Оның елден кетпеу туралы қолхаты бар. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деді Дархан Дүйсембай.

Ұсынылатын