Friday, 22 November,2024

"Самат Әбішті құтқарып қалды". Депутат Ермұрат Бапи Назарбаев інісін ақтау үшін Кәрім Мәсімовті құрбан еткенін айтты

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы Төрағасы Кәрім Мәсімовке шыққан сот үкіміне пікір білдірді. Ол билік Мәсімовті соттау арқылы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жақыны Самат Әбішті құтқарып қалғанын айтуда, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Депутат пікірін Азаттық радиосы жазды. Бейнежазбада Ермұрат Бапи Мәсімовтің сотталуы, Самат Әбіштің құтқарылуы сынды мәселелерді қозғаған.

"Қаңтарға байланысты Кәрім Мәсімовтің бірінші орынбасары Самат Әбіш неге жауапқа тартылмады? Осы сұрақтың астында барлық жауап тұр деп ойлаймын. Қаңтардың барлық кінәратын Кәрім Мәсімов пен үш орынбасарына аударып, Самат Әбішті құтқарып қалды. Самат Әбіш Мәсімовтің бірінші орынбасары, оперативті жұмыстың барлығын сол жүргізу керек болған. Барлық кінәні Мәсімовке жауап, қалған кінәлілерді құтқарып қалу – арнайы жасалған амал. Бұл шындықтан қашу ғана емес, бұл әділетсіздік. ҰҚК-нің лауазымды тұлғалары жауапты болса, онда ол неге қалып қалады? Ол бірінші орынбасар. Барлығын соттап жібереді де, Назарбаев өзінің інісін алып қалады. Бұл әділетті ме? Назарбаев 2019 жылы 19 наурызда Тоқаевқа келіп, мен кеттім деп, кетіп қалған адам емес. Ол әлемдік дәрежедегі интриган адам. Ол ана жерден әлде бір уағдамен кетті. Сондықтан оның әлі күнге дейін әсері бар деп ойлаймын", – дейді депутат.

Ұсынылатын