- Басты жаңалықтар
- Әлем
- Санкцияны айналып өту: Ресей Қытайға мұнай тасымалдау үшін геолокация сигналын өшірген
Санкцияны айналып өту: Ресей Қытайға мұнай тасымалдау үшін геолокация сигналын өшірген
Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан
Ресей өз мұнайын Қытайға тасымалдау үшін танкерлеріндегі геолакацияны өшірген. Осылайша санкцияны айналып өтуге тырысыпты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы The New York Times жазды. Дерекке сүйенсек, спутника картасы арқылы сарапшылар картада "Жапонияның Ниигата портында тұрғанын" көрсеткен үш кеменің шын мәнінде Ресейдің Козьмино портында тұрғанын анықтаған. Жапония мен Ресей порттарының арасы – 737 шақырым.
Козьминодағы терминал Шығыс Сібір – Тынық мұхиты құбыр желісі бойынша мұнай тасымалдайды. Бұл құбырмен жеткізілетін шикізаттың орташа бағасы – "Үлкен жетілік" елдерінің Ресей мұнайына белгілеген шекті бағасы - барреліне 60 доллардан артық. Баррелі 60 доллардан артық сатқан танкерлерді батыс компаниялары сақтандырмауы тиіс.
Басылым сондай-ақ Ресей портына кіргенін жасырған тағы үш кемені анықтаған. Олардың не тасымалдағанын зерттеушілер біле алмады.