Friday, 22 November,2024

Сара Назарбаева күйеуінің тегінен бас тартқан – БАҚ

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара Алпысқызына байланысты тың дерек тарады. Ол өз күйеуінің тегінен бас тартқан көрінеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы ақпарат телеграм-арналардың бірінде тараған. NEGE сайтының жазуынша Назарбаевтың заңды некедегі әйелі 2005 және 2012 жылдар аралығында тегін өзгерткені атап өтіледі. "Қазақстан Халық Банкінің" өмірді сақтандыру бойынша еншілес ұйымы "Halyk-Life" АҚ филиалында 2012 жылғы 4 ақпаннан бастап Қаржы министрлігінің қаржылық есептілік депозитарийінде солай тіркелген.

"Нұрсұлтан Назарбаев пен Сара Назарбаеваның некесі бұзылғаны (және сәйкесінше жаңа отбасын құру туралы) туралы ресми мәлімдемелер ешқашан болған емес. Ал Нұрсұлтан Назарбаев қорының ресми сайттарында және тұңғыш президенттің nazarbayev.kz ресми сайтында Сара Алпысқызы әлі күнге дейін тұңғыш президенттің жұбайы екені туралы ақпарат көрсетілген. Алайда бірнеше жылдан бері жаңалықтардан Сара Назарбаева туралы ешқандай ақпарат шыққан жоқ. Оның көрінбей кеткеніне де біраз болды. Былтырдан бері Білім министрлігі оның "Өзін-өзі тану" пәнін міндетті мектеп бағдарламасынан алып тастап, факультатив ретінде қалдырған болатын. Өзін әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның құрамынан шығарып жіберген. Бизнес-тізілімдерге сәйкес, еліміздің экс-Бірінші ханымының "Сара Алпысқызы Назарбаева" атты жеке кәсіпкерлігі бар. Ал оның басшысы Қонақай Сара Алпысқызы деп көрсетілген", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың некесіз балалары туралы журналист мәлімдемесін жазған едік.

Ұсынылатын