Sunday, 24 November,2024

Сара Назарбаева негізін қалаған институттың атауы өзгертіледі

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара Назарбаева негізін қалаған Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының атауы өзгереді. Республикалық ономастикалық комиссия бұған рұқсат берді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Шешімге сәйкес, аталған институт енді "Өркен" балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты деп аталады.

Комиссия сонымен бірге Алматы және өзге қалалардағы бірқатар мекемелердің атын өзгерту туралы шешім қабылдаған.

Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты бұған дейін "Өзін-өзі тану" пәні бойынша оқытушылардың біліктілігін арттырумен айналысатын мекеме ретінде құрылған еді. "Өзін-өзі тану" пәнінің авторы да – Сара Назарбаева. Бірақ биліктен тұңғыш президент кетісімен министрлік бұл пәнді мектептерде міндеттілер қатарынан алып тастады.

Ұсынылатын