Friday, 22 November,2024

Сара Тоқтамысова үш жылдан кейін айтысқа шығып, бас жүлдені жеңіп алды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Белгілі айтыскер ақын Сара Тоқтамысова Таскенде өткен айтыста автокөлік ұтып алды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Айта кетейік, бұл айтысқа Балғынбек Имашев, Мұхтар Низяов, Жандарбек Бұлғақов, Сырым Әуезхан, Бекарыс Шойбеков, Жансая Мусина, Мұрадым Мирланов, Айнұр Тұрсынбаевалар қатысқан.

“Араға 3 жыл салып айтысқа шықтым. Бүгінгі айтыстың бас бәйгесі бұйырды. Аллаға мадақ. Шығыстың Таскескен дейтін аядай ғана жерінде атағы жер жаратын дүбірлі думан боп жатыр От ауыз, орақ тілді ақындардың бас қосқан күні болды. Атақты Мұхтар Ниязовпен айтыстым. Әзілі де, әңгімесі де , өнері де, өлеңі де бөлек ақын ғой. Мәртебемді аспандатып тастады. Рахмет досым! Талғат мырзаның (осы айтыстың демеушісі – Талғат Сақан) мәрттігіне риза болып тарастық. Айтыстың арланы,сатираның саңлағы Балғынбек ағамызға бір көлік мінгізді .Жүлдесінен бөлек ақындарға қосымша 1 миллионнан ұстатты. Ақынын құрметтеген Азамат сіздей ақ болсын!”, - деп жазды Сара Тоқтамысова.

Ұсынылатын