Сарыағашта 5 жасар қызды зорлап өлтірген қылмыскерге сот үкімі шықты
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Сарыағашта 5 жасар қызды зорлап өлтірген қаскөй өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "Адам өлтіру" және "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бабымен айыпталған 48 жастағы Сайдолим Гаийбназаровқа өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын кесті.
Сондай-ақ сот айыпталушыны жәбірленуші тарапқа 100 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді.
Айта кетейік, жантүршігерлік қылмыс 13 шілдеде болған еді. Кісі өлтіргені үшін 10 жылға сотталған ер адам 5 жастағы қызды зорлап өлтірген болатын.