Thursday, 19 September,2024

Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өлімі: Полиция бүлдіршінді 4 адам зорлады деген ақпарға пікір білдірді

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Интернетте Сарыағаштағы халықтың жаппай наразылыққа шыққан бейнежазбасы тарады. Онда 5 жасар қызды 4 адам зорлағаны айтылады. Полиция бұл ақпарға пікір білдірді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Полиция бұл деректің шындыққа мүлдем жанаспайтынын мәлімдеді.

"Түркістан облысының полиция департаменті Сарыағаш ауданындағы 5 жасар қыздың өліміне қатысты әлеуметтік желіде тарап жатқан жалған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми дереккөзге ғана сүйенуге кеңес береді. Бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан тергеу нәтижесімен аталған қылмыстық әрекетті тек бір күдіктінің жасағаны дәлелденіп, ол қамауға алынған. Өзге адамдардың қатысы болуы мүмкін деген деректер мен дәлелдер жоқ", - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде халықтың құзырлы органды кінәлап, 5 жасар қыздың өліміне 4 адамның қатысы бар деген наразылығы тарап кетті.

5 жасар қыздың өліміне басты күдікті ретінде танылған азамат бұған дейін 10 жыл жазасын өтеп келген. Кейін мамыр айында ауылдасын балтамен ұрып денсаулығына ауыр зиян келтірді.

Ұсынылатын