- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өлімі: Прокурорлар 1 ай бойына барлық үйді тексеріп шықпақ
Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өлімі: Прокурорлар 1 ай бойына барлық үйді тексеріп шықпақ
Прокуратура 1 ай бойы Түркістан облысындағы барлық үйді, көшелерді тұтас сүзіп шықпақ. Осылайша әрбір адамның жеке басын тексеруге алып, кімдердің өмір сүріп жатқанын тізімдейді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Otyrar.kz-тің жазуынша, өңірде профилактикалық жұмыстар тура бір айға созылады. Осылайша Түркістан облысында қалаларды, ауылдарды, көшелерді, тіпті үйлерді тексеру іс-шаралары қолға алынбақ. Мұның бәрі аймақта кім өмір сүретінін, қоғамды қандай адамдар қоршап тұрғанын түсіну үшін керек.
"Біріншіден, Сарыағаш ауданында болған оқиғадан кейін бұл мәселені халықтың өзі көтеріп отыр. Осы Жібек жолы ауылында нашақорлық пен ішімдікке салыну фактілері көбейді. Сондықтан осындай іс-шара өткізуді жөн көрдік. Атышулы іс бойынша тергеу жүріп жатыр, кісі өлтірді деген күдікті ұсталды. Тексеріс аяқталған соң барлығын БАҚ өкілдеріне айтамыз. Қазір облыс бойынша талдау жүргізіліп жатыр, басты мәселе – адам не үшін қылмыс жасайды, себебі неде", – дейді Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тілеубердиев.
Еске салайық, бұған дейін 5 жасар қызды көршісі зорлап өлтірген еді. Ол мұның алдында 10 жыл жазасын өтеп келген. Кейін мамыр айында ауылдасын балтамен ұрып денсаулығына ауыр зиян келтірді. Бірақ тұрғынға сот 3 жылға бас бостандығын шектеу шешімін кескен болатын.