Saturday, 23 November,2024

Сәтбаев қаласының әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкірдің ұсталғанын растады. Бұл туралы ведомствоның Telegram-арнасында жазылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтбаев қаласының әкімі ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ұсталғанын растайды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Шапағат Әубәкірдің пара алды деген дерекпен ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Оның үстінен ҚК 366-бабының 2-бөлігі - "Айтарлықтай мөлшерде пара алу" дерегі бойынша іс қозғалды.

Ол бұл қызметке 2023 жылдың қаңтарында тағайындалған болатын.

Ұсынылатын