Wednesday, 27 November,2024

Сәтбаевта анасына ренжіген қыз терезеден секірмек болды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Сәтпаев қаласының полицейлері терезеден секірмек болған 17 жасар қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Polisia.kz медиа-порталының жазуынша, 20 мамыр күні ПБ-ге қөпқабатты үйлердің бірінде жас қыздың терезеден секіргелі тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына дереу жеткен патрульдік полицейлер Ерболат  Бейсенбеков пен Алмат Өксікбаев терезенің жақтауында тұрған қыз баланы көрді.

“Санаулы секундтарда қолайлы сәтті пайдаланып, қызды терезеден ішке тартып алдық”,- деді полицейлер.

Қыз бала медициналық мекемеге жеткізілді. Бұл қадамға анасымен сөзге келіспей қалғандықтан барғанын айтқан. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ұсынылатын