Сәтбаевта бомба туралы жалған ақпарат берген азамат сотталды
Сәтбаевта кәсіпорынға жарылғыш зат қойылған деп жалған хабарлама берген азамат екі жылға сотталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Polisia.kz медиа-порталының хабарлауынша, 2022 жылдың 20 желтоқсанда Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық полиция бөлімінің “102” пультіне белгісіз адам қоңырау шалып, жылу станциясы ғимаратына жарылыс зат қойылғаны туралы хабарлама түсірген.
Бұл дерек ҚК 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар) бойынша тіркеліп, күдікті анықталды. Ер адам жалған ақпаратты тарату кезінде мас болған. Осылайша Сәтпаевтың 27 жастағы тұрғыны екі жылға бас бостандығынан айырылды.
Ұлытау облыстық полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді. Ол үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.