Saturday, 23 November,2024

Сауда орталығында баланы тепкен шетелдік қамауға алынды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Алматы облысында сауда және ойын-сауық орталығында балаға физикалық күш қолданған шетелдік азамат қамалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

“Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу кезінде баланы тепкен ер адам екі ай мерзімге қамауға алынды.

Естеріңізге сала кетейік, бір-екі күн бұрын Қарасай ауданының сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде болған ер адам 2019 жылғы кішкене қызға дене жарақатын салған.

К. есімді азаматшаның арызы негізінде дерек ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлігі (бұзақылық) бойынша аудандық полицияда тіркелді. Жедел-іздестіру іс - шарасы барысында тәртіп сақшылары 1998 жылғы Түркия Республикасының азаматын дереу анықтап, полицияға жеткізді.

Қазіргі уақытта сараптама тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Іс бойынша тергеу барысы менің қатаң бақылауымда.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіне сай жария етуге жатпайды”, - деп жазды Бауыржан Әленов.

Ұсынылатын