Шавкат Рахмонов мен Ислам Махачевтың жекпе-жегі болуы мүмкін бе?
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Көптің көкейінде жүрген сұраққа Шавкат Рахмонов жауап берді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Ислам – чемпион және UFC мүдделі болса, жартылай орта салмақтағы белбеу үшін күресуі мүмкін. Бірақ бастысы, ол кейін 77 келідегі белбеуді қорғайды. Егер ол чемпион атанса, белбеуді қорғайды немесе босатады. Махачевпен жекпе-жек өткіземіз бе? Көреміз. Мен асыққым келмейді. Мүмкін кездесерміз, мүмкін кездеспейтін шығармыз. Біз мұны әлі білмейміз. Оны уақыт көрсетеді”, - деді Шавкат Рахмонов.