Friday, 3 May,2024

Шавкат Рахмоновқа Ақтаудан үй сыйға берілді

Uaqyt.info
Фото combatmma.ru

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа (17-0) Ақтаудан үй сыйлады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Vesti.kz жазды. Онда жеңіліп көрмеген қазақстандық файтерге Ақтаудың элиталы ауданынан екі бөлмелі пәтер сыйға берілгені жазылған. UFC-дегі кезекті жеңісінен кейін Шавкат Рахмонов ел аралап, жанкүйерлерімен кездесіп жүр. Бұған дейін спортшыға қалталы азаматтар бірнеше тұлпар мінгізген болатын.

Еске салайық, наурызда Рахмонов UFC 285 турнирінің үшінші раундында америкалық Джефф Нилді жеңген еді.

Ұсынылатын