Sunday, 8 September,2024

Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі келесі қарсыласы анықталды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қазақстандық Шавкат Рахмонов Абу-Дабиде (БАӘ) өтетін UFC 294 турнирінде Белал Мұхаммадпен жұдырықтасады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Prosports.kz жазуынша, бұл туралы журналист Рубен Картер хабарлаған. Оның айтуынша, жекпе-жек 21 қазанда өтеді. Белал Мұхаммад ММА бойынша 25 жекпе-жек өткізіп, 22 мәрте жеңіске жетті. Шавкат Рахмонов 17 жекпе-жек өткізіп, барлық шайқасын жеңіспен аяқтаған.

Қазіргі UFC жартылай орта салмақ рейтингінде қазақстандық файтер алтыншы, Белал Мұхаммад үшінші орында тұр.

Ұсынылатын