- Басты жаңалықтар
- Әдебиет
- “Шаханов – өтірікші, суайт адам”. Мұхтар Мағауин өзімен аттас ақынға тағы шүйлікті
“Шаханов – өтірікші, суайт адам”. Мұхтар Мағауин өзімен аттас ақынға тағы шүйлікті
Қазақстанның халық жазушысы, ғалым Мұхтар Мағауиннің белгілі ақын Мұхтар Шаханов туралы айтқан пікірі қоғамда қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Қазақтың қос марғасқасының арасындағы теке-тірес бұған дейін де болған. Бір-бірін аса жақтыра бермейтінін Мұхтар Мағауин осы жолы тағы да бір еске салып өтті. Журналист Ая Өміртайға берген сұхбатында ол Шахановтың өтірікші, суайт екенін айтты.
"Неше түрлі нәрсе айтылады, оның бәріне мән бере берсең болмайды. Шахановтан шыққан әңгіме, ол соншалықты өзін құдіретті деп есептеп, Шыңғыс ханды теріске шығарғысы келді. Мен жәй ғана "Шыңғыс ханның шарапаты" деген мақала жаздым. Шахановтың атын атағам жоқ. Содан кейін мені тапап тастайын деп жақтастарымен жаппай жорық бастады. Сосын қарсы сөйлеуге тура келді. Ол - мүлде елеуге болмайтын адам, суайт қой, өтірікші. Мен оны "Қырық өтірікші озған тазша баладан, сексен өтірік сақалсыз суайт" , - деп жаздым. Бірақ енді жағаласып қоймағаннан кейін айтуға тура келеді. Айтатын өтіріктері керемет қой, мен Жапонияға барғанда менің өлеңдерімді жапон тілінде айтып қарсы алды дейді. Содан кейін мен мазақ қылып жаздым, мен Америкаға келіп түскенде Обама мені кездесуге арнайы шақырып, ақ үйге бара жатсам, ақ үйдің алдында бір топ қарасы бар, ағы бар американ жастары Шахановтың өлеңдерін ағылшынша айтып күтіп тұр екен, деп жаздым. Шаханов туралы әңгіме айтып керегі жоқ", - дейді Мұхтар Мағауин.