Sunday, 8 September,2024

Шахтадағы апат: ШЫҰ штаб-пәтерінде ұйымға мүше мемлекеттердің тулары жартылай төмен түсірілді

Алмас Абылай
Фото

Еліміздегі қаралы күні Шанхай ынтымақтастық ұйымының штаб-пәтерінде ұйымға мүше мемлекеттер де туларын жартылай төмен түсірді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Осылайша аталмыш мемлекеттер еліміздегі апатқа байланысты өздерінің көңілдерін білдірген.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы – Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы құрған тұрақты жұмыс істейтін халықаралық үкіметаралық ұйым.

2017 жылы Ұйымға мүше мемлекет мәртебесі Үндістан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасына берілді. 2023 жылы Иран да ШЫҰ-ға ресми түрде қосылды.

ШЫҰ-ның штаб-пәтері Бейжіңде орналасқан.

Ұсынылатын